30.08.2025, 14:32
Оқылды: 298

Сырымда Конституция құрдастарымен кездесу өтті

Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Сырым жастары» ЖҚБ және М.Есламғалиев атындағы кітапханасы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай Ата заңның құрдастарымен кездесу ұйымдастырды. 

PHOTO-2025-08-28-18-00-47

Кездесу Б. Ойшыбаев атындағы залда өтті.

Замандастарымыз бүгінде бір-бір саланың көшбасшысына, бір-бір үйдің тірегі мен шырағына, ұрпақтың әкесі мен анасына айналған.

Кездесу барысында Конституция құрдастары жаңа заманның мүмкіндіктерін пайдалану, даму мен жетілу жайында пікірлесті.
Кейін Kahoot және Quizizz платформалары арқылы зияткерлік сайыстарға қатысты. Ойын барысында қатысушылар өздерінің құқықтық сауаттылықтарын, ел тарихы мен Конституция жайлы білімдерін сынап, белсенділік танытты.
Шара соңында белсене қатысқан қатысушыларға марапаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Айман Өтеғалиева
Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале