1.09.2025, 11:30
Оқылды: 143

Қазақстанда қыркүйекте ауа райы қандай болады

Қазақстанда қыркүйек айы салқындау мен жауын-шашыннан басталады, бірақ кей жерлерде жазғы ыстық сақталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Күз Орал ЖП

ТОЛЫҒЫРАҚ

Күз салқындау басталады, батыс өңірлерден басқа аймақтарда ауа температурасы төмендейді. Республиканың оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) болуы мүмкін.

БІРІНШІ ОНКҮНДІК

Елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпіні күшті жел. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда алғашқы үсік байқалуы ықтимал, ал түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс пен оңтүстік-батыста қыркүйектің басында ауа температурасы +32…+40 °С-қа дейін көтеріліп, ай ортасына қарай +17…+25 °С-қа дейін төмендейді.
Солтүстік пен шығыста түнде +3…+8 °С, топырақ бетінде –2 °С-қа дейін үсік, күндіз +12…+28 °С.
Қызылорда және Түркістан облыстарында күндіз +30…+39 °С.
Оңтүстік-шығыста түнде +8…+18 °С, күндіз +18…+35 °С.

ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ ОНКҮНДІКТЕР

Айдың екінші жартысында ауа райы құбылмалы болып, температура жиі ауысады.

Батыста түнде +13…+19 °С, ай соңына қарай +2…+12 °С-қа дейін төмендейді (топырақ бетінде –3 °С-қа дейін үсік). Күндіз +25…+32 °С-тан +18…+26 °С-қа дейін.
Солтүстік, орталық және шығыста түнде +1…+6 °С, ай соңында 1–6 °С үсік күтіледі. Күндіз +8…+13 °С-тан +20…+28 °С-қа дейін.
Оңтүстік өңірлерде ең салқын күндері түнде –3 °С-қа дейін үсік болып, күндіз +11…+20 °С. Дегенмен кей күндері жазғы ыстық сақталып, ауа +25…+35 °С-қа дейін жылынады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале