3.09.2025, 12:00
Оқылды: 288

Орал қаласындағы №42 мектептің мұғалімі әкімшілік жауаптылыққа тартылды

Бұған дейін ол мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған болатын. Соған қарамастан, әйел тағы да рульге отырған — бұл жолы мас емес күйде, бірақ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген автокөлікті басқарған.

IMG_9275

Істі қарау нәтижесінде сот келесі жаза тағайындады:

• ҚР ӘҚБтК 612-бабы 3-бөлігі бойынша (жүргізу құқығынан айырылған адамның көлік басқаруы);

• ҚР ӘҚБтК 590-бабы 1–2-бөліктері бойынша (көлік құралдарын тіркеу ережелерін бұзу).

Соңғы айыппұл мөлшері — 275 240 теңге. Жаза тағайындау кезінде кінәсін мойындауы, өкініш білдіруі және жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың болмауы ескерілді.

Еске саламыз: жүргізуші куәлігінен айырылғаннан кейін көлік басқару — ауыр құқық бұзушылық болып табылады және ол үшін елеулі айыппұлдар мен өзге де ықпал ету шаралары көзделген.

 

Батыс Қазақстан соттары 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале