3.09.2025, 16:00
Оқылды: 685

Батыс Қазақстан облысында «Қадыр» журналы жарық көрмек

Бұл туралы Оралдағы Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы сүйіншіледі.

photo-output

Басылым құралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетінде ресми тіркеліп, куәлігін алған. 

“Мың мақтаннан – бір құрмет артық.

Сондай ілтипат-ізеттің бірі – ақын атымен журнал шығару. Біраздан бері әлеуметтің ойында жүрген, зиялы қауым жүрген жерде әркез қозғалып келе жатқан түйткілді мәселе еді, маңызды мағынаға айналып кемеліне келгені осы болыпты. Ақ жол саған, өмір айдынына қайық салған қадірлі «Қадыр» журналы! - деп жазды орталық. 

“Қадыр” журналы - Қадыртану ісінің жарқын жаңалығы. 

Қоғамдық - танымдық журналдың бірінші нөмірі қыркүйек айында жарық көреді. Қағаз нұсқасы қолына тимей қалған көпшілік қауым арнайы сілтеме арқылы электронды нұсқа бойынша таныса алады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале