4.09.2025, 17:00
Оқылды: 183

«Қайрат» пен «Реал Мадрид» ойынының билеті 20 қыркүйек күні сатылымға шығады

«Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы матчтың билеттері 20 қыркүйек күні сатылымға шығады, деп хабарлайды Orda.kz.

kajrat-vpervye-v-istorii-vysel-v-obsij-etap-ligi-image-6d92952ddb-7d5001ed3c9c162daea26883acca2a95

ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев «Қайрат» ФК-мен тікелей келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

«Біздің деректеріміз бойынша, ойынға 10 күн қалғанда сатылым басталады. Егер матч 30-ы күні өтсе, шамамен 20 қыркүйек болады. Айта кетейін, тек ресми дереккөздерге сеніңіздер. Билеттерді тек «Қайрат» клубының сайтынан немесе оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан сатып алуға болады», – деді Серік Жарасбаев.

Айта кетейік, биыл «Қайрат» шотландиялық «Селтик» командасын пенальти сериясынан жеңіп, Чемпиондар лигасына топтық кезеңіне шыққан болатын. Ал жеребе тарту кезінде испаниялық «Реал Мадрид» клубымен иық тіресетіні мәлім болған еді. 

orda.kz

Сурет "Қайрат" футбол клубының сайтынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале