4.09.2025, 17:30
Оқылды: 223

УЕФА ескерту жасады: "Қайрат" стадионды өз қаржысына реттеп жатыр

“Қайрат” Чемпиондар лигасындағы төрт ойыны да Алматыда өтеді. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

kajrat-vpervye-v-istorii-vysel-v-obsij-etap-ligi-image-6d92952ddb-7d5001ed3c9c162daea26883acca2a95

Ойындар Алматыда өтеді. Бұл нақты ақпарат. Мұны қала әкімдігі, “Қайрат” футбол клубымен бірлесіп бекіттік. Стадионның дайындығына келсек, УЕФА өкілдері келіп, бірнеше ескерту айтты. Қазір “Қайрат” футбол клубы өз қаражатына ол кемшіліктерді жойып, стадионды дайындауда, – деді Жарасбаев.

Айта кетейік, «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттері 20 қыркүйектен бастап сатылымға шығатын болды.

 

Дереккөз: baq.kz

Сурет "Қайрат" футбол клубының сайтынан алынды

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале