Ашылу рәсіміне аудан әкімі Нұрлыбек Даумов та қатысып, жаңа қонақүйдің жайлы әрі қолжетімді демалыс орнына айналуына тілектестігін білдірді. Сондай-ақ, еңбек ардагері, ауыл ақсақалы Қитеш Бисенғалиев ақ батасын беріп, тұрғындардың атынан ризашылығын жеткізді.
Қонақүйдің ашылу салтанатында ұтыс лотереясы ойнатылып, құтты болсын айта келген қауым олжалы болды. Оған қоса келушілерге дастархан фуршет жайылды.
Айта кетелік, осы аптада ауылымызда тағы бір нысан – көлік жуу орталығы іске қосылған болатын.
Арайлым Маратқызы