8.09.2025, 15:00
Оқылды: 231

"Бұл Жолдау – уақыт талабына сай, келешекке бағытталған стратегиялық құжат"

"Бұл Жолдау – уақыт талабына сай, келешекке бағытталған стратегиялық құжат. Әлемде технология күн сайын дамып, жасанды интеллект бүкіл саланың жұмысын өзгертіп жатқан шақта Қазақстанның да осы үдерістен шет қалмауы заңды құбылыс. Президентіміздің цифрлық жаңғыруға, жасанды интеллектті барлық салаға енгізуге шақыруы – елдің дамуы үшін үлкен қадам.

IMG-20250908-WA0035

Біз елдің индустрияландыруын, ғылым-білімнің өркендеуін көзбен көрдік. Ол кезде технологиялық серпіліс халық тұрмысын жақсартуға зор ықпал етті. Бүгінгі цифрлық дәуірдегі жаңа міндеттер де сол сияқты – мемлекетімізді жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

Президенттің жасанды интеллектті білім, медицина, ауыл шаруашылығы, өндіріс саласына енгізу туралы бастамалары – жас ұрпаққа үлкен мүмкіндік. Бұл біріншіден, халықтың өмір сапасын арттыруға, екіншіден, жастардың бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге жол ашады.

Бізге енді осы бастамаларды жүзеге асыруда бірлік пен қолдау қажет. Елдің әрбір азаматы цифрлық өзгерістердің мәнін түсініп, өз саласында оны тиімді пайдалануға атсалысса, Қазақстанның болашағы жарқын болмақ", - деді Шакуов Жүсіп Габдулханұлы - Казталов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале