Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауын Сырым ауданында ұжымдар тікелей эфирде тамашалады.
Президенттің сөзін С. Датұлы атындағы тарихи - өлкетану музейінің қызметкерлері де тыңдады.
"Жасанды зерде дәуіріндегі мәдениет пен өнердің дамуы Үкімет деңгейінде көңіл бөлінетін болды. Уақытында қабылданған шешім. Себебі, цифрлық дәуір шынайы дүниелерді жасандылық алмастырып барады. Тарихыңды танымасаң, кіммін деп дамисың!? Сондықтан, жасанды интелектінің мүмкіндіктерін пайдаланып тарихи жәдігерлеріміз бен мәдени мұраларымыздың цифрлық нұсқаларын жасауға тиіспіз. Бұл жұмыс басталды, бірақ электронды картаға түспеген киелі орындар, тарихи нысандар жетеді", - дейді телекөрсетілімнен соң музейдің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Айнагүл Ойшыбаева.
Б. Шерім,
zhaikpress.kz