8.09.2025, 15:30
Оқылды: 166

БҚО-да 50-ден астам сотталған азамат колонияларға жіберілді

Батыс Қазақстан облысында шартты жазаға және бостандығын шектеуге сотталған 50-ден астам адам жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзғаны үшін нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Бұл туралы Орал қаласының прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Man in prison hands of behind hold Steel cage jail bars. offender criminal locked in jail.

Фото: www.istockphoto.com

Бұл азаматтарға қоғамнан оқшауланбай түзелуге мүмкіндік берілген еді - шартты жаза немесе бостандығын шектеу тағайындалған. Алайда, олардың көпшілігі белгіленген ережелерді бұза бастады: міндетті тіркеуге келмеді, тұрғылықты жерін өз бетімен тастап кетті, электрондық білезіктерді шешіп тастады, қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қайшы әрекеттер жасады, тіпті қайта қылмыстық құқықбұзушылықтарға барды.

Мұндай әрекеттер жазадан қасақана жалтару болып есептеледі және заңда бұл туралы нақты көрсетілген: шартты жаза немесе бостандығын шектеу нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады, яғни - түрме.

Маңыздысы,  шартты соттау  бұл "кешірім" емес, түрмесіз түзелуге берілген мүмкіндік. Өз міндеттерін елемеу - нақты бас бостандығынан айырылуға алып келуі мүмкін.

Мысалы, пробация қызметінің бақылауындағы 32 жастағы Орал қаласының тұрғынына бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Ол 2024 жылы тонау қылмысын жасағаны үшін есепке алынған. Есепке алынған кезде оған жазаны өтеу тәртібі түсіндіріліп, тіркеуге уақтылы келуі және ережелерді сақтау қажеттігі ескертілген болатын. Алайда, бұл азамат жүйелі түрде ережелерді бұзды: тіркеуге келмеді, бақылау білезігін жоғалтты, әкімшілік жауаптылыққа тартылды, тіпті іздеуде болды.

Нәтижесінде сот жазаны ауыстыру туралы шешім шығарып, сотталушы орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеге нақты жаза өтеуге жіберілді.

Сот отырысы басқа пробация есебінде тұрған азаматтардың қатысуымен ашық түрде өтті. Сот және прокуратура өкілдері жазаны өтеу тәртібін сақтаудың және сот шешімін орындаудың маңыздылығын еске салды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале