"Информатика пәнінің мұғалімі ретінде Жолдауда айтылған жасанды интеллект пен жаңа технологияларды білім беру саласына енгізу бастамасын ерекше қолдаймын. Өйткені бүгінгі оқушы – ертеңгі ІТ маманы. Балалардың цифрлық сауаттылығын арттыру, оларды бағдарламалау, робототехника, деректерді талдау, жасанды интеллект негіздерімен таныстыру – заман талабы. Бұл бағытта мектептерде жаңа оқу құралдарын, заманауи бағдарламаларды қолдану аса қажет.

Біз ұстаздар оқушыларды тек технологияны тұтынушы емес, оны дамытушы, құрастырушы, жаңашыл тұлға ретінде қалыптастыруға күш саламыз. Жолдауда көрсетілген бағыттар осы міндетті жүзеге асыруға кең мүмкіндік береді", - дейді Айдар Ерболатов, Казталов ауданы Ғ.Молдашев атындағы ЖОББ мектебінің информатика пәні мұғалімі.
Казталов ауданы