Бүгінгі Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауындағы Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екені сөзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды.

Дегенмен бұл бағытта әлде де біршама жұмыстар жасау қажет екендігі туралы айтып өтті. Жолдаудағы білім беру мен цифрландыру жөніндегі ұсыныстар нақты, бағытталған және жүйелі. Бұл бастамалар білім сапасын арттыру, заманауи технологияларды енгізу арқылы Қазақстанның білім беру жүйесін нарықтық талаптарға сай жаңғыртуға бағытталған. Толық батыл және нақты шешімдер қабылданып отыр. Бұл өзгерістер жас буынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады.
Кітабия Скендірқызы,
Шыңғырлау ауданы аналар кеңесінің төрайымы, ардагер ұстаз