8.09.2025, 17:47
Оқылды: 292

ЖИ педагогтың сабақ беру үрдісіндегі сенімді серігі болатыны сөзсіз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдің болашақ даму жолындағы негізгі стратегиялық бағыттарды жариялады. Азық-түлік, энергия және көлік қауіпсіздігін нығайту, ішкі нарықты күшейту, өндірісте жоғары қосылған құнды өнім үлесін арттыру мәселелеріне назар аударылды.
WhatsApp Image 2025-09-08 at 18.45.22
Соның ішінде, маңызды мәселе – білім беру жүйесі де сырт қалмай, Жолдаудың негізгі өзегін құрады. Атап айтқанда, "Келешек мектептер" ұлттық жобасы аясында елімізде 150 мектеп іске қосылды.
Мемлекет басшысы ЖИ-ді дамытуды мектеп қабырғасынан дамытудың маңызын атап көрсетті. Осы бағытта мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері туралы бағдарлама мен оқу материалдарын әзірлеу қажеттілігіне баса назар аударды. Жасанды интеллект негізінде "Kazakh Digital" мектебі атты шағын жинақы мектеп үлгісін әзірлеуді тапсырды. Бұл өз кезегі ауыл оқушыларының сапалы оқу тәсілдерімен қамтамасыз етілуіне оң әсер ететіні сөзсіз.
Жалпы, ЖИ-дің білім беру саласындағы тиімділігі мен болашағы зор екені күннен-күнге айқындала  түсуде. Ол инновациялық технология болып табылатындықтан білім беру сапасын арттырады, оқыту процесін жеделдетеді және жеңілдетеді, оқушылардың оқу материалдарын тез әрі тиімді меңгеруіне мүмкіндік береді. Болашақта ЖИ-дің педагогтың сабақ беру үрдісіндегі айнымас сенімді серігіне айналатыны сөзсіз.
Жасқайрат Каргин, 
Жәнібек ауданы Т.Жароков атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале