8.09.2025, 17:52
Оқылды: 331

"Ақылды қала" болсақ

Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауын тыңдадық.

 

WhatsApp Image 2025-09-08 at 18.50.24

Бірінші назар аударғаным, өңдеу өнеркәсібін дамыту, инвестиция тарту, өте өзекті мәселе. Біздің күнделікті ішіп-жеуіміз, киіміміз, жүріп-тұруымыз бәрі осы өндірісте. Сондықтан, еліміз бай қуатты болсын десек, дамуына үлес қосу керекпіз. Ол үшін өндіріске қатысы барлар жоспарларын, мақсаты мен міндеттерін қайта қарау керек. Тағы бір мәселе, коммуналдық қызмет саласында "Ақылды қала" жобасын кеңінен пайдалану. 2021 жылы Ақмола облысының Ақкөл деген қаласына іс-сапармен бардық. Қала осы "Ақылды қала" жобасына қосылған екен. Маған қатты үнағаны тұрғын үйлердің коммуналдық желілері сандық жүйеге қосылған. Үйіңнің қауіпсіздігін телефон арқылы қадағалап отыруыңа болады, әсіресе "осы мен үтікті айырдым ба, газды өшірдім бе, жоқ па" деп уайымдамайсың. Бізге де жұғысты болсын деп тілеймін.

Гүлнара Шамғонова, 

Бөрлі аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале