8.09.2025, 17:57
Оқылды: 301

Елдің ертеңі - жас ұрпақтың қолында!

Ел президенті Қ.Тоқаевтың бүгінгі Жолдауын тікелей эфирден аудан ардагерлерімен бірге отырып тыңдадым.
image-08-09-25-05-04
Мемлекет басшысы Қазақстан шет мемлекеттермен терезесі тең, тіпті көш ілгері болуы үшін ғылым, экономика, өнеркәсібін шұғыл да кәсіби тұрғыда дамытуы керектігін басымдықпен атап айтты.
"Білікті, саналы адамдар ұлттық экономиканың арқауы, ел болашағының кепілі", - деді ел Президенті.
Білікті де білімді мамандар ғылым мен өнеркәсіпті дамытатыны белгілі. Сондықтан да жоғары оқу орындарында жасанды интеллектті ғылым мен өнерді игерген кәсіби мамандар ұстаздық етіп, саналы да сауатты, саламатты, адамгершілік қасиеттері жоғары ұрпақ тәрбиелеу ұлттық парызы болса, міне, еліміздің одан әрі дамығаны.
Менің де бүгінгі жолдаудан түйгенім. "Ел боламын десең, бесігіңді түзе" дегендей, болашақ жас ұрпақтың қолында екенін есімізден еш шығармауымыз керек. Қазіргі таңда білім ордаларында білім алушыға деген мүмкіндіктер жетерлік. Балабақшадан мектепке, мектептен жоғары оқу орындарына дейінгі білім берудің сапасы жылма жыл артып келеді. Олай болса, болашаққа нық сеніммен қарау – әр ұрпақтың өз қолында. Ал, ұрпағымыздың дені сау, болашағы жарқын, келешегі зор болуы – ата-ананың  басты міндеті. Елдің ертеңі – жас ұрпақтың қолында!
Гүлнәр Хаирлиева,
Жәнібек ауданының ардагер ұстазы, қоғам белсендісі
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале