8.09.2025, 18:03
Оқылды: 258

Жер - халқымыздың басты байлығы

Мемлекет басшысының Жолдауында жер қатынастарына ерекше мән берілуі – аграрлық саланың әрі жалпы ұлттық экономиканың дамуы үшін маңызды қадам. Жер – халқымыздың басты байлығы, сондықтан оны әділ, ашық әрі тиімді пайдалану – басты міндет.

IMG-20250908-WA0050

Жолдауда айтылғандай, жер учаскелерін бөлу мен пайдалану процесін толық цифрландыру жер қатынастарындағы жемқорлық тәуекелдерін азайтып, әділдікке жол ашады. Бұл ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетін шаруалар үшін үлкен қолдау. Сондай-ақ, жердің тиімді пайдаланылуын қадағалау, бос жатқан немесе мақсатсыз қолданылған учаскелерді мемлекетке қайтару мәселесі де өте өзекті. Бұл шара ауыл шаруашылығы айналымына жаңа мүмкіндіктер беріп, өнімділікті арттыруға ықпал етеді. Жер кадастрының ашықтығы мен қолжетімділігі – инвесторлардың да, қарапайым шаруалардың да сенімін арттырады. Мұның барлығы ауылды дамытып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет етеді.

Сағат Нұрмағанбетов,

Казталов аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале