9.09.2025, 16:00
Оқылды: 89

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына XI ғасырдағы құнды картаның көшірмесі тапсырылды

"Ұлыбритания елшілігі орталыққа Оксфорд университетінің Бодлиан кітапханасында сақталған «MS. Arab. c. 90» шифрлы қолжазбаның 44a парағындағы Орталық Азия картасының көшірмесін тапсырды. Бұл артефакт XI ғасырдағы космология мен географияға арналған «Китаб гараиб әл-фунун уа мулях әл-уюн» («Ғылымдардың ғажайыптары мен көз сүйсінерлік нәрселер кітабы») атты анонимді еңбектің жалғыз белгілі нұсқасы саналады", - деп хабарлайды ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі.

_gluster_2025_9_8_96a78127048da880f16422472f08f888_1280x720

Фото: www.gov.kz

Зерттеушілердің пайымдауынша, қолжазба XII ғасырдың соңы мен XIII ғасырдың басында Мысырда жазылған. Картада басқа нысандармен қатар қазіргі Қазақстан аумағында орналасқан Жанкент қаласы бейнеленген, ол араб жазуында «Әл-кария әл-хадиса» («Жаңа қала») деп аталған. Жанкент VIII–XI ғасырлар аралығында оғыз мемлекетінің астанасы болғаны белгілі. Сонымен қатар картаға оңтүстік өңіріндегі негізгі және маңызды қалалар енгізілген.

Қолжазба 2002 жылы қайырымдылық ұйымдарының қолдауымен сатып алынып, кейіннен толық цифрландырылып, ортағасырлық ислам географиясы мен кітап өнерін зерттеуге арналған құнды ресурсқа айналған.

XI ғасырдың картасы Орта Азия мен Қазақстан аумағын қамти отырып ғылыми, мәдени және ұлттық маңызы зор бірегей тарихи-географиялық дереккөзге айналып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале