9.09.2025, 14:49
Оқылды: 119

Елімізде бұқаралық спорт пен инфрақұрылымды дамыту бойынша Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шаралары

"Қазіргі таңда елімізде 8,4 млн адам дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысады. Бұл халықтың 41,4%-ын құрайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді", - деп хабарлайды ҚР туризм және спорт министрлігі.

_gluster_2025_9_9_8a27da4df97c35389a027dc558a6589e_1280x720

Фото: www.gov.kz

"Мақсатымыз – 2029 жылға қарай 50%-ға жеткізу. Жыл сайын елде 25 мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс-шара өтеді", - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңға түзетулер енгізілді. Олар басқару тиімділігін арттыруға және ұлттық мүддені қорғауға бағытталған.

Негізгі өзгерістер:

* кәсіби клубтарды ұстауға жұмсалатын бюджетке лимит қойылды;
* Қазақстан азаматтығы жоқ спортшыларға бюджеттен қаржы бөлінбейді;
* «спорттың басым түрлері» ұғымы нақтыланып, өңірлік тізбе бекітілді.

Министрліктің басым бағыттарының бірі – спорт инфрақұрылымын дамыту. Бұл халық үшін спортты қолжетімді етеді.

Спорт инфрақұрылымын дамытуда оң динамика байқалады, атап айтсақ:

* 2024 жылы 90 спорт нысаны салынды (61-ауылда,29- қалада);

* биыл 32 нысан пайдалануға берілді (27-ауылда, 5-қалада);

* жыл соңына дейін тағы 70 нысанның құрылысы аяқталады.

Арнаулы мемлекеттік қор есебінен 33,2 млрд теңгеге төрт нысанның құрылысы басталды:
* Астанада Мұңайтпасов атындағы стадион;

* Алматы облысы Жалаңаш ауылында спорт кешені;
* Ақмола облысы Зеренді ауылында балалар-жасөспірімдер спорт мектебі;
* Көкшетауда көпфункционалды кешен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале