9.09.2025, 15:34
Оқылды: 81

Қазақстанда 9 миллион тоннаға жуық астық бастырылды

"Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасып жатыр", - деп хабарлайды ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі.

_gluster_2025_9_9_bb703393131365a3c40d1223cd7f3a14_1280x720

Фото: www.gov.kz

Бүгінгі таңда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 6,3 млн гектары жиналды, бұл жалпы егіс алқабының 39,3%-ын құрайды. Нәтижесінде 9 миллион тоннаға жуық астық бастырылды.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер 221 мың тонна майлы дақыл, 933 мың тонна картоп (орташа өнімділік – 242,4 ц/га), 2,2 миллион тоннаға жуық көкөніс (өнімділік – 299,8 ц/га), сондай-ақ 2,1 миллион тоннадан астам бақша дақылдарын (өнімділік – 275 ц/га) жинады.

Оған қоса, 358,1 мың тонна қырыққабат (өнімділік – 369,3 ц/га), 448,1 мың тонна пияз (409,9 ц/га), және 137,8 мың тонна сәбіз (314,7 ц/га) жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде және агротехникалық талаптарға сәйкес оңтайлы мерзімде жүргізілуде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале