ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жастардың бастамасын қолдау мақсатында 2021 жылдан бастап тағайындаған "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантына өтінімдер қабылдау жалғасатыны туралы хабарлайды.

Фото: www.gov.kz
2025 жылдың 16 маусымы мен 18 тамызы аралығында өтінімдерді қабылдау T.URPAKTARY25@GMAIL.COM поштасы арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде үміткерлерден 1 391 өтінім ("Ғылым" -130, "Мәдениет"-131, "Ақпараттық технологиялар" -218, "Бизнес" - 644, "Медиа"- 145, "Волонтерлік" - 123) келіп түсті. Оның ішінде 186 адамның құжаттары тексеріліп, ұйымдастырушылар тарапынан қабылданды ( тізімді сілтеме бойынша көре аласыз)
Өтінімдердің көптігіне байланысты 5 қыркүйек күні таңғы сағат 5:00-ден бастап Gmail-дің өтінімдерді қабылдауға арналған электрондық пошта істен шығып, бұғатталды.
5 қыркүйектен бастап электрондық поштаны қалпына келтіру мақсатында IT мамандармен жұмыс жасалды, сондай-ақ Google компаниясының әкімшілігіне өтініштер жіберілді. Бірақ поштаны қалпына келтіру мүмкін болмады.
Жоғарыда аталған техникалық мәселелері ескере отырып, конкурстық өтінімдер 2025 жылдың 9-19 қыркүйек аралығында, түнгі сағат 24:00-ге дейін T.ZAIAVKA2025@BK.RU электронды поштасы арқылы қабылданады.
Тізімде бар 186 адамның өтінімдері қайта жіберуді қажет етпейді.
Грант бөлудің мақсаты – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларды мемлекет тарапынан қолдау.
2025 жылы республикалық деңгейде 3 млн. теңгеден 30 грант берілетін болады.
Грантқа 14 жастан бастап 35 жасқа дейінгі (34 жасты қоса алғанда) Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бола алады.
Грант 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін конкурстық негізде беріледі:
"Ғылым" – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
"Мәдениет" – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
"Ақпараттық технологиялар" – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
"Бизнес" – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
"Медиа" – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;
"Волонтерлік" – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.
Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-12-78, 8 706-618-07-23 (жұмыс күндері, сағ. 9:00-ден 18:30-ға дейін).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі (мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде):
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінім (PDF форматы);
2) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы (word форматы);
3) Жоба бойынша бейнематериал (60 секундтан аспайтын) немесе презентация
(10 слайдтан аспайтын);
4) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы
(word форматы);
5) Зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса, PDF форматы);
6) Жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі (PDF форматы).