11.09.2025, 9:30
Оқылды: 115

2029 жылы Қазақстанда алғаш рет халықаралық ревматологтар конгресі өтеді

"Қазақстан 2029 жылы Астанада өтетін Азия-Тынық мұхиты өңірі ревматологтарының халықаралық конгресін (APLAR) өткізуге өтінімді жеңіп алды", - деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

_gluster_2025_9_10_4915f5953ad70fc70b2b78c5d624b2d8_1280x720

Фото: www.gov.kz

Шешім Фукуок қаласында (Жапония) өткен 27-ші Халықаралық конгрестің барысында APLAR Бас Ассамблеясында қабылданды. 10 өтінімнің 5-і қабылданбады, финалға екі-Қазақстан мен Үндістан шықты. Дауыс беру нәтижесінде 18-ге 15 есебімен біздің еліміздің өтінімі жеңіске жетті.

Конгресс жұмысына 60-тан астам елден 2800-ден астам делегат, соның ішінде ревматологтар, терапевттер, ортопедтер, клиникалық иммунологтар, оңалту мамандары және іргелес бағыттардағы зерттеушілер қатысты.

Форумға қатысушылар ревматологиядағы соңғы жетістіктерді, заманауи терапиялық тәсілдерді және медициналық практикадағы күрделі клиникалық жағдайларды талқылады.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ республикалық ревматологиялық орталығының басшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Бас ревматологы, «Қазақ ревматология алқасы» РҚБ президенті, Еуразиялық ревматологтар лигасының (LEAR) президенті Ғалымжан Тоғызбаев ревматоидты артритпен ауыратын пациенттердің қазақстандық тіркелімі тақырыбында баяндама жасады.

Өткен конгресте ревматологтар ассоциациялары Азия-Тынық мұхиты лигасы Ассамблеясының вице-президенті болып бірауыздан Ғалымжан Тоғызбаев сайланды.

Анықтама үшін: Азия-Тынық мұхиты ревматология қауымдастығының лигасы 1963 жылы құрылды және Азия елдерін, араб мемлекеттерін, Аустралияны және Жаңа Зеландияны қоса алғанда 35 ұлттық бірлестікті біріктіреді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале