26.12.2016, 12:55
Оқылды: 54

Батыс Қазақстанның ісмерлері жаңажылдық жәрмеңке ұйымдастырды

korme-022  Оралда ісмерлердің, суретшілер, дизайнерлер мен зергерлердің жаңажылдық жәрмеңкесі өтті. «Alem Plaza» сауда орталығында Шараны ұйымдастырған «Хозяйка медной горы» клубының жетекшісі Нұргүл Жамалованың айтуынша, елуден астам ісмер белсене қатысқан мұндай жәрмеңке қалада алғаш рет ұйымдастырылды.


   Оған талантты суретшілердің, дизайнерлер мен зергерлердің таңдаулы туындылары қойылды. Мұнда жұмсақ ойыншықтан бастап бисермен тігілген, жіптен тоқылған, сондай-ақ теріден жасалған түрлі бұйымдарды көруге болады.

  Жәрмеңкеге сондай-ақ «Ардагер» қалалық ардагерлер клубы, балалар шығармашылық ұжымдары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Бұйымдарды сатып алушылар аз болған жоқ. Сонымен қатар ісмерлер бас қосып, тәжірибе алмасты, алдағы ой-жоспарларымен бөлісті. Болашақта мұндай жәрмеңке дәстүрге айналмақ.

Елжан Ералы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале