11.09.2025, 23:41
Оқылды: 334

«Бекітілген тапсырмалар – ертеңгі істің бастауы» – Ермек Сабиров

Жуырда Прзидентіміз халыққа өзінің кезекті екшеленген, ел бағытын айқындайтын Жолдауын арнады.

photo-output
Жолдауда айқындалған тапсырмалар халықтың көкейінде жүрген мәселелерді дөп басты. Өйткені маңызды құжатта бекітілген мақсат-міндеттер әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған. Бекітілген тапсырмалар – ертеңгі істің бастауы. Жаңа реформалар халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Бұл бастамаларды халық қолдап отыр, маңызды міндеттерді іске асыру үшін нақты іс-қимыл қажет.
Жолдауда өндіріс саласы да тыс қалмады. Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар беріп, отандық өндірісті қолдаудың жаңа бағыттарын ұсынды. Кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру туралы ойы да өз істерін жаңа бастап отырған жандарға арналған үлкен қолдау деп білемін.
Жолдауда зейнетақы жүйесіндегі нақты проблемалар да көтерілді. Бұл саланы реформалау дұрыс шешім, өйткені өмір бойы еңбек етіп, нәтижесінде зейнетақысы мардымсыз болып қалып отырған қарапайым жұртшылықтың көкейінде жүрген сұрақтың бірі де осы болатын.
Президент сонымен қатар Жолдауда цифрландыру мен жасанды интеллектке басымдық беруді де атап өтті. Мемлекет басшысы заманауи технологияларды барлық саалада пайдалану қажеттігін атап өтті. Маңызды құжат қоғам дамуының жаңа бағытын белгілеп қана қоймай, ел болашағының дамуына игі ықпалын тигізбек.

Ермек Сабиров
Шыңғырлау аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале