Warning: session_start(): open(/tmp/sess_2c8lsj0eksfa52hgf4dif2l5vk, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Жәнібектіктер «Ауыл аманатының» игілігін көруде - официальные новости ЗКО
12.09.2025, 11:45
Оқылды: 324

Жәнібектіктер «Ауыл аманатының» игілігін көруде

Жәнібек ауданындағы жұмыс сапары барысында облыс әкімі Нариман Төреғалиев «Ауыл аманаты» бағдарламасының игілігін көріп отырған Дәурен Әбдірахмановтың шаруашылығына барып, жұмысымен танысты.

image-12-09-25-11-17-3

Дәурен Әбдірахманов жеңілдетілген несие арқылы 9 млн 400 мың теңге көлемінде қаржыға «Еділбай» тұқымды 130 бас қой сатып алған. Бүгінгі таңда екі рет төлдегеннен кейін қой саны 500 бастан асып, шаруашылық айтарлықтай кеңейіп отыр.

image-12-09-25-11-17-1

Кәсіпкердің айтуынша, бұл қолдау – ауыл халқының еңбекке бет бұрып, өз кәсібін ашып, дөңгелетуіне үлкен мүмкіндік береді. Алдағы уақытта қой басын екі есе арттырып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту ойы бар.

 

Арай Сейфолла,

Жәнібек ауданы

image-12-09-25-11-17-2 (1) image-12-09-25-11-17

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале