12.09.2025, 12:15
Оқылды: 331

Жәнібек ауданы: Жаңа кешеннің жобасы да, құрылыс қарқыны да көңілден шықты

Жәнібек ауданының көлемінде жүзеге асырылып жатқан маңызды әлеуметтік жобалардың алды Жақсыбай жұртының игілігіне салынып жатқан – мәдени-спорттық кешен.

image-12-09-25-12-00-2

Биыл наурыз айында басталған кешеннің құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігі орындалып, жоспарға сәйкес жүруде. Құны 800 миллион теңгені құрайтын, ішінде түрлі мақсаттағы бес түрлі зал қарастырылған жобаның 588,99 шаршы метрін мәдениет үйі, 413,55 шаршы метрін спортзал құрайды.

image-12-09-25-12-00

Негізінен аталмыш жоба қараша айында тапсырылуы тиіс. Құрылысы қарқынды жүріп жатқан кешенге облыс басшысы барып бағасын берді.

image-12-09-25-12-00-1

Салыстырмалы түрде қарағанда кешеннің спорттық және мәдени бөлігінің бір-біріне кедергі келтірмейтіндей етіп салынуының өзі жобаның сапасының қаншалықты жоғары екендігін көрсететіндігін айтты.

image-12-09-25-12-00-4

 

Арай Сейфолла,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале