12.09.2025, 15:00
Оқылды: 230

Тарихты бірге сақтайық: Тұрғындар көне мұра жинағына үлес қоса алады  

Теректі ауданында “Көне кітаптар мен қолжазбалар, фотосуреттерді жинау” атты жаңа жобаның таныстырылымы өтті.

IMG_8959

Аталған  отырысқа аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жандос Сұңғатов , аудандық “Теректі жаңалығы” газетінің бас редакторы Темірболат Тоқмамбетов және ауыл тұрғындары қатысты.

Бұл жоба тарихи-мәдени құндылыққа ие көне кітаптар мен қолжазбаларды жинау, сақтау, халық арасында кеңінен насихаттау және келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Теректі аудандық тарихи-өлкетану мұражай меңгерушісі Аманжол Салимов аталмыш шара облыстық тарихи-өлкетану мұражайының меңгерушісі Жантас Сафуллиннің тапсырмасымен ұйымдастырылғанын атап өтіп, жоба жайлы мәлімет беріп таныстырды. Әрі мұражай қорында сақтаулы  төте жазумен жазылған ескі қолжазба, кітаптар және фотосуреттерді көрсетіп, олардың тарихына тоқталды. Бұл жәдігерлер зерттеуді талап ететінін және өте ұқыптылықпен ұстауды қажет ететінін жеткізді.

IMG_9012

Сонымен қатар шара барысында тұрғындар арасында жекелеген адамдардың қолында ескі кітап, қолжазбалар, хаттар сақталып келе жатқаны белгілі екені, алайда олардың сақтау ережесін ескермегендіктен тозып, жойылып кету қаупі бары  айтылды. Сол себепті бұл жерде жергілікті зиялы қауымның көмегі, түсіндіру жұмыстары аса қажет екендігі айтылып, көбірек ақпарат таратып, хабарландыру беріп, ортақ тарихи мұраны бірге сақтап қалу маңызын атап өтті. Ұйымдастырылған дөңгелек үстелде Қазақстан халқының мәдени-тарихи мұрасын шұғыл жинақтап, оларды цифрландыру арқылы электронды база құру жөнінде жоспарларымен мұражай қызметкерлері жиналған қатысушылармен бөлісе кетті.  Осы күнге дейін жастықпен маңызын түсінбей, ол дүниеге немқұрайлы қарау арқылы уақыт та жоғалтып алғаны  айтылды.

IMG_8956

Аталмыш отырысқа жиналған қатысушылар бұл жобаның жүзеге асуын қуана қабылдап, бірауыздан қолдады. Жиын барысында әртүрлі деректер, қызықты оқиғалар айтылып, пікірлер ортаға салынып, өз ойларымен бөлісті. Бұл өте маңызды жоба. Тарихи мұрамызды сақтап қалу- өзекті мәселелердің бірі және бұл жолда аялдауға болмайды. Көненің көзі қариялардың қатары  сиреп жатыр, ал жас буын маңызын әлі түсіне қойған жоқ. Бүкіл жауапкершілік- орта буында.

Егер көне қолжазбалар үйіңізде сақтаулы болса, аудандық мұражайға келіп тапсыруыңыз сұралады.

Қ.Саясатова,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале