15.09.2025, 15:30
Оқылды: 119

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру бойынша оқыту бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысындағы филиалында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мамандарға арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Portrait of a beautiful Asian businesswoman using a desktop computer. Businesswoman, statistical analysis, data trading. Marketing

Сурет: istockphoto.com

Бағдарламаға облыстың түрлі мемлекеттік органдарынан 17 қызметкер қатысты. Оқыту курсы келесі бағыттарды қамтыды:

  • Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігін арттыру;
  • Цифрландыру үрдістері;
  • Мемлекеттік қызметшінің әдебі;
  • Құқықтық реттеу негіздері;
  • Халықпен тиімді коммуникация.

Оқыту тәжірибелі оқытушылар мен сарапшылардың қатысуымен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Қатысушылар оқу барысында алған білімдерін практикалық қызметте қолдануға мүмкіндік алды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале