16.09.2025, 9:00
Оқылды: 314

БҚАТУ-да тілдер апталығы басталды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Тілдер апталығы» шарасы басталды.

DSC06364
Қазақстан халқының тілдері күнімен орайластырылатын іс-шара биыл қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығымен тұспа-тұс келді. Осыған орай апталық «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» деген атаумен ұйымдастырылуда.

Бүгінгі апталықтың алғашқы күнінде білім алушылар «Тәрбие басы – тіл» атты шығарма байқауына қатысып, өз ойларын көркем тілмен жеткізуге тырысты. Ал Индустриалды-технологиялық институтының 1-курс студенттері «Тіл – достықтың тірегі» тақырыбындағы дөңгелек үстелде бас қосып, ұлы Абайдың шығармашылығы мен тілдің қоғамдағы маңызы жөнінде пайымды пікірлерін ортаға салды.

Аптаның соңына дейін жалғасатын танымдық бағдарлама аясында түрлі форматтағы мазмұнды шаралар ұйымдастырылмақ. Атап айтқанда, жастар мен тіл тақырыбын тоғыстырған «Youth&Languages» атты дөңгелек үстел, тіл үйренушілерге арналған «Язык мой – друг мой» атты шағын тәжірибе сабағы, сондай-ақ білім мен тапқырлықты сынайтын «Languages Bridge» атты қызықты викторина өтеді. Тағылымды іс-шара Абай шығармашылығын кеңінен насихаттап жүрген философ ғалым, ұлағатты ұстаз Тілекжан Рысқалиевпен өтетін «Ұлы Абай мұрасы – ұрпаққа аманат» атты кездесумен түйінделмек. Бұл жүздесужастардың рухани танымын тереңдетіп, хәкім Абайды ұлықтауға бағытталады.

БҚАТУ баспасөз қызметі  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале