15.09.2025, 17:20
Оқылды: 212

Үздіксіз еңбек – үзілмеген жылу

Бүгін Жаңақала желілік-өндірістік басқармасында «QAZAQGAZ» ұлттық компаниясының 25 жылдық мерейтойы мен  газ саласы қызметкерлерінің мерекесіне орай  марапаттау рәсімі оздырылды.

IMG_1353

Шара шымылдығы Азамат Мараттың орындауындағы «Қазақ газ» әнімен ашылған соң, мекеме басшысы Айдарбек Таңатаров құттықтауын лебізін жолдады. Кейін ұжымның бір топ ардагеріне Қазақстан Республикасы  Энергетика министрінің  атынан арнайы төсбелгі мен  естелік сыйлық табыс етті.
IMG_1360 Өз кезегінде сөз алған сала ардагерлері ризашылықтарын білдіріп, ақ тілектерін арнады. Аудан көлемінде өтетін әр шараның басы-қасында жүретін аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздары бұл жолы да әсем әнмен, әдемі әуенмен  сүйемелдеп, мереке иелеріне керемет көңіл-күй сыйлады.
IMG_1371Қауіпсіздік пен жауапкершілікке негізделіп, қоғамның сенімді тірегіне айналған сала қызметкерлеріне қызметтеріңіз әрқашан сәттілікпен өрілсін деп тілейміз.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале