"Ақ бидай " ауыл спорты ойындарында үстел теннисшілерінің бәсекесі бастау алды.

Таңғы сессия әйелдер сынының топтық кезең ойындарымен басталды. Өңір спортшыларының топтағы қарсыластары Ақтөбе және Қызылорда облыстарының командалары.
Бекжаным Тұрашева, Ирина Шабдарова және Айзада Камидуллиева үштігі алғашқы ойында күтпеген жерден қызылордалық қыздарға жол берді. Бірақ екінші матчта жинақталып, Ақтөбе ойыншыларын оңай жеңді. Теннисші арулардың плей-офф кезеңіндегі қарсыласы кешкісін анықталады.
Сонымен қатар теннисші ерлер де жарыс жолын бастайды. Өңір үстел теннисі ерлер командасының құрамында Әскер Абдулов, Бауыржан Мурзагалиев және Нұрдәулет Қаресов сынды спортшылар бар.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz