17.09.2025, 12:45
Оқылды: 220

Шипажайдағы әдемі кеш

Былтырғы жылдан бастап Тасқала ауданының әкімі Талғат Шакировтың қолдауымен үлкендеріміз Ақжайық шипажайында тегін демалуда. Биылда бұл үрдіс өз жалғасын тапты. Осыған орай отбасы күні қарсаңында аудандық мәдени демалыс орталығының көркемөнерпаздары аталмыш мекенге барып, ондағы ем алып жатқан демалушыларға өздерінің концерттік бағдарламасын ұсынып, керемет кеш сыйлап қайтты. Концерт соңында  аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазез сөз сөйлеп, шипажай директоры Альберт Төлегенұлы мен ақ халатты абзал жандарға рахмет айта отырып,  аудан әкімінің атынан алғыс хат пен естелік сыйлықты табыс  етті.

WhatsApp Image 2025-09-16 at 17.34.09

Өз кезегінде Альберт Төлегенұлы да аудан көркемөнерпаздарына шынайы алғысын білдірді. Адам демалу үшінде ем алу үшін де оған көтеріңкі көңіл күй керек. Әл-ауқат керек. Бүгін сіздер шипажайдағы демалушыларға осындай керемет кеш сыйлап, олардың көңілдерін көтеріп, мерейлерін асырдыңыздар. Сондықтан, биыл екінші рет  осындай бастама көтеріп, көрегендік танытып, үлкендерге қолдау білдіріп жатқан   Тасқала ауданының басшысы Талғат Асқарұлына шипажай ұжымы мен демалушылар атынан шынайы ризашылығымызды білдіреміз.  Арамыздағы осындай әріптестік қатынасымыз жалғасын таба берсін.  Бұл басқа аудандарға үлгі болады деп есептеймін деді ол өз сөзінде.

Назгүл Серікқызы,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале