Дәстүрлі садақ ату сынының "Пута" нысанасында облыс намысын қорғаған мерген Мұрат Лұқпанов ауыл спорты ойындарының чемпионы атанды.

70 метрден нысана көздеген Мұрат Лұқпанов әр оғын дәл тигізіп, қарсыластарын қапы қалдырды.
Енді садақшылар "Қалқан" нысанасында кім мықтыны анықтайды. Ол жарыста өңір намысын Сырлыбай Ғалымжанов пен Альвира Тұрсынова қорғайды.
Айта кетейік дәстүрлі садақ ату бәсекесінде бақ сынап жатқан Мұрат пен Гүлайым ерлі-зайыптылар.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz.
Фото: Мейірбек Тажқұранов