17.09.2025, 17:15
Оқылды: 176

Сырым ауданына жаңа реаномобиль жедел медициналық жәрдем көлігі берілді

Бүгін Батыс Қазақстан облысы жедел жәрдем станциясының директоры Серік Орынбасаров Сырым ауданының аудандық ауруханасына заманауи реанимобильдің кілтін табыстады.

1e0eab19-2f59-4512-af9e-2268cdaf9cad

Бұл аудан халқына сапалы әрі жедел медициналық қызмет көрсетуді жаңа деңгейге көтеретін айрықша қадам болып саналады. Mercedes-Benz маркалы B класындағы жедел медициналық жәрдем көлігі алдыңғы қатарлы құрал-жабдықтармен қамтылған.

Жаңа көлік кез келген төтенше жағдайда, әсіресе жүрек-қан тамырлары аурулары мен ауыр жарақат алған науқастарға дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сырым ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов бұл бастаманың маңыздылығын атап өтті:

- Сырым ауданы тоғыз жолдың торабында орналасқан үлкен аймақ, халық саны да жеткілікті. Жаңа реанимобиль тұрғындарымыздың өмірін сақтап қалуда аса қажетті құрал болады, - деді.

75031012-ca17-4c68-97d8-f0b0890670e4

Өз кезегінде аурухана басшысы Сабыр Ғабдыхалықұлы облыстық жедел жәрдем станциясына алғысын білдіріп, заманауи медициналық техниканың дәрігерлер жұмысына үлкен көмек болатынын атап өтті. Жаңа реанимобильдің іске қосылуы Сырым ауданындағы медициналық қызмет сапасын жақсартуға, тұрғындарға көрсетілетін жедел жәрдемнің уақытылы әрі тиімді болуына сеп болмақ.

 

Қоңдыкер Елеуов,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале