18.09.2025, 10:00
Оқылды: 327

БҚО-да бірнеше көліктен ұрлық жасаған тұрғын ұсталды

БҚО-да бірнеше көліктен ұрлық жасаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6f207917-d58d-480e-bd35-e4dacdbe8889

Батыс Қазақстан облысында криминалдық полиция қызметкерлері Орал қаласының 34 жастағы тұрғынын ұстады. Ол қала аумағында автокөліктерден ұрлық жасаумен айналысқан.Тергеу барысында күдіктінің түнгі уақытта автотұрақтарда тұрған көліктердің терезелерін сындырып, ішіндегі бейнетіркегіштер мен жеке заттарды ұрлағаны анықталды. Оның шілде және тамыз айларында Орал қаласында 11 ұрлық жасағаны белгілі болды. Келтірілген жалпы шығын 5 миллион теңгеден асты. Ұрлық фактілері бойынша күдіктіге қатысты тергеу жүргізілді. Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале