18.09.2025, 17:30
Оқылды: 232

Тіл білу - заман талабы

 

Бөрлі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, "Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы" аясында қазақ және ағылшын тілдерінен ауданымызда курстар оздырылған болатын. Аталған курс тілдерді дамыту, көптілді білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды. Жалпы, тіл курстары ағымдағы жылдың 1 шілдесінен 15 қыркүйекке дейін жүргізіліп, жалпы көлемі 120 сағатқа созылды.

АҒЫЛШЫН КУРС (1)

Қазақ тілі курсын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық үниверситеті Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының тренері, А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, PhD ғылым докторы Жанат Сәрсенбай мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Гаухар Жантасова, ал ағылшын тілі сабағын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы, PhD кандидаты Гүлсима Дайрабекова жүргізді.

Аталған курстар Ақсай қаласы, Пугачев, Кеңтүбек, Бөрлі, Ақбұлақ, Жарсуат ауылдарында да өткізілген. Барлығы 240  адам қамтылыпты.

қазақ тілі курс (2)

Курсқа әртүрлі сала өкілдері, студенттер мен мұғалімдер де қатысты.

Қазақ және ағылшын тілінен сабақтар ең алдымен қатысушылардың тілді меңгеру деңгейін анықтаудан басталған. Деңгейлеріне байланысты екі топ құрылып,  сабақтар А1 деңгейіне күндіз, ал А2 деңгейіне кешкі уақытта жүргізілді. Сабақтар интерактивті әдістер арқылы жүргізіліп, дәстүрлі дәрістермен қатар заманауи педагогикалық тәсілдер кеңінен қолданылды.

- Қатысушылардың тіл үйренуге деген қызығушылықтары жоғары болды. Оқыту барысында көптеген әдістерді қолдану арқылы оқушыларымның қызығушылықтарын әрі қарай көтеру үшін ән де айтып, кино да көрдік. Оқушыларым қазақ тілін өздерінің қалаған деңгейлеріне көтерді деген үміттемін. Осы курс барысында елімізде қазақ тілін меңгергісі келетін жандардың көп екендігін байқадым. Курс қатысушыларының барлығы да алдағы уақытта оқуды бітіргендері туралы сертификаттар алады, - дейді қазақ тілі курсының жетекшісі Жанат Асылханқызы.

АҒЫЛШЫН КУРС (2)

Оқу барысында тілдік құзыреттілікті дамытуға бағытталған әртүрлі әдістемелер қолданылған. Атап айтсақ, қазақ және ағылшын тіліндегі фильмдер мен мультфильмдерді көру және талдау, Kahoot, Quiz, Puzzle сияқты онлайн-платформалар арқылы ойын элементтері, үлестірмелі карталар арқылы зияткерлікті арттыратын ойындар, сөйлеу дағдыларын жетілдіруге арналған Crocodile, Mafias сияқты топтық ойындар, ТезТап және Бинго ойыны секілді алуан түрлі ойындар арқылы сергіту жұмыстары жүргізілді.

Бұл әдістер қатысушылардың сөздік қорын кеңейтіп, шет тілде еркін сөйлеу қабілетін дамытуға үлес қосты. Курс соңында қатысушылар қорытынды тестілеуден өтті. Тесттің нәтижесінде қатысушылардың көбі айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген.

- Ағылшын тілі сабағы барысында тіл үйренушілер рөлдік ойындар ойнап, диалог құрастырып, мәтіндермен жұмыстанып, бейнематериалдар көріп, оларды талқылады. Сондай-ақ заманауи құралдарды да қолдандық. Бұл әдістер қатысушылардың қызығушылығын арттырып, тілді тез меңгеруге көмектесті. Оқыту курсының құрылымы әлемдік әдістемелік стандарттарға сәйкес құрастырылған. Сабақтар қатысушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп ұйымдастырылды. Курстың негізгі мақсаты тіл үйренушілерді өз ойын жеткізіп, күнделікті жеңіл диалогқа қатысып, қарапайым мәтіндерді түсіне алатын деңгейге жеткізу, - дейді ағылшын тілі курсының жетекшісі Гүлсима Құрбанбекқызы.

қазақ тілі курс (1)

Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Сондықтан да елімізде қазақ тілінен бөлек, орыс тілі мен ағылшын тілі мектеп табалдырығынан бастап оқытады.

Тіл - мемлекеттің тұғырлы тірегі, халқымыздың рухани байлығы. Себебі адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырып, табыстыратын құрал - тіл. Сондықтан біз оны достықтың бастауы, ынтымақ мен береке-бірліктің тірегі ретінде қадір тұтамыз.

Айдана Абдрахманова

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале