18.09.2025, 18:38
Оқылды: 568

Сындарлы сәтте сүйеген…

«Қазақстан халқына» қорының өңірлік баспасөз туры бүгін Сырым ауданына келді.

photo-output

Айта кетейік, 2024 жылы Батыс Қазақстан өңірінде болған су тасқыны кезінде Сырым ауданындағы Жымпиты және Бұлдырты ауылдық округтерінде бірқатар үй суға кетіп, зардап шеккен тұрғындарға жаңа баспана тұрғызуға осы «Қазақстан халқына» қоры демеушілік еткен болатын.
Өлеңті ауылындағы қоныстойға қор төрағасы Болат Жәмішев мырзаның өзі қатысты.

photo-output

Қызыл кірпіштен қаланып, қыздың жиған жүгіндей тізілген үйлер ауылдарға айрықша ажар берді. Бұлдырты, Жымпиты және Өлеңтіде жаңа көшелер пайда болды.
Сырымдық ағайын сындарлы сәтте сүйеу болған қордың құрметіне Өлеңті ауылындағы жаңа шағын ауданға «Қазақстан халқына» қорының атын берді.

«Қазақстан халқына» қорының аға жоба менеджері Динара Нұрқасымова журналистермен бірге жаңа үйлерді аралап көрді, тұрғындармен тілдесті.

PHOTO-2025-09-18-18-34-16

Қордың қолдауымен Сырым ауданынан 114 үй бой көтерді. Ол үшін 3 млрд 100 млн теңге қаражат бөлген.

Сырым ауданындағы үйлерді салтанатты тапсыру шарасында сөйлеген сөзінде төраға Болат Жәмішев қор 5 облыстағы 20 елді мекенде үй салғанын, 627 үй үшін «Қазақстан халқына» қорынан 16 жарым миллиард теңге жұмсалғанын айтқан еді.

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале