20.09.2025, 10:00
Оқылды: 223

Жымпитыда бүгін Қадыр күні

Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Тарлан» сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығына арналған «Сырым рухынан – Қадыр тойына» атты Сырым батыр кесенесінен қонақтарды қарсы алу рәсімі өтті. 

3fd79dc6-e497-448b-95d9-3ba875b56edf
Салтанатты қарсы алу рәсіміне Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов, аудандық мәслихат төрағасы Шынар Дүйсенғалиева қатысты.
Шараның алғы сөзін Жұмагелді Батырниязов сөйлеп, ел қонақтарына қош келдіңіздер айтты.
Елге келген зиялы қауым ақтан ауыз тиіп, Сырым батыр кесенесіне гүл шоқтарын қойды. Гүл шоқтарын қою рәсімі аудан әкімі Жұмагелді Жолдыбайұлына,ақынның жары Салтанат Мырзалиеваға, Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңес төрағасы Бауыржан Атауовқа және ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Отан» орденінің иегері, «Қазақстанның құрметті жазушысы» Ақұштап Бақтыгерееваға, Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкеновке және ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ТМД журналистер конфедерациясы сыйлығының лауреаты, публицист Қайнар Олжайға ұсынылды.
e5c1bf31-e016-4128-b708-52e71b9d8cce
Меймандар жаңа ғана ақынның туған жері – Жымпиты ауылына кірді. Оларды Қадекеңнің еңселі ескерткіші қарсы алды.
Бүгін Сырым ауданында Қадыр атындағы әдебиет және өнер залы мен мурал ашылады.
Қоңдыкер Елеуов
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале