Сырым ауданында Қазақстанның Халық Жазушысы, «Тарлан» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Қадыр Мырза Әлидің туғанына 90 жыл толуына орай өткен шаралардың айшықты тұстарына тоқталайық.

Кітапхана жанынан қын атындағы әдебиет және руханият залының ашылу салтанаты алдында 90 күйшіден құралған ансамбль өнер көрсетті.
А. Ғұбайдуллин атындағы балалар саз мектебі, «Orta», «Alem» оқу орталықтары және Қособа, Аралтөбе ауылдарының өнерпаздарынан құралған ансамбль «Ер Тұран» күйін орындады.
Ал, Қадыр ескерткіші алдында Қадыр Мырзалиев, Жаһанша Досмұхамедов және Сырым лицейінің оқушыларынан құралған 90 оқушы ақынның бір мезетте, бір дауыспен «Адырна» өлеңін оқыды.

Тойтөбе басына жиылған жұрт мың бұралған 90 бишінің өнерін тамашалады. Сырым ауданының үлгілі «Аружан», «Жауқазын», «Кербез», «Айкөркем», «Ақ кербез» би ансамбльдерінен құралған 90 биші қазақ биі «Ұлы дала арулары» шығармасын орындады.

Қыздар қырдың қызғалдағындай тербелді.
Ұжымдардың жетекшілері – Айнагүл Сарғозиева, Бақытханым Жұмағалиева, Гүлрайхан Темірбекова, Раушан Атауова, Лунара Шамшиева.
Қоңдыкер Елеуов
Сырым ауданы