29.12.2016, 18:56
Оқылды: 27

Жобалар үмітті ақтауда

nurtai  Батыс Қазақстан облысында 2016 жылға дейін орын алған қылмыстың 51 пайызын ұрлық дерегі құраған. Соған байланысты биылғы тамыз айынан бастап облыс прокуратурасының бастамасымен «Мал ұрлығына қарсы күрестің жол картасы» және «Бөтеннің мүлкін ұрлаумен күрес пен жеке меншік құқығын қорғау туралы» жобалар бекітіліп, жүзеге асырыла бастады. Жұмыс тобына мүдделі мемлекеттік органдар мен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының және облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері тартылды.


  Бүгінгі брифингте облыс прокурорының орынбасары, аға әділет кеңесшісі Нұрлан Дүйсенбаев жобаны ұйымдастырушылар оң нәтижеге қол жеткізіп жатқанын мәлімдеді.

  Келесі жылы да жалғасын табатын жоба аясында тұрғындар арасында ауқымды құқықтық түсіндіру және ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Қоғамдық көліктерде, көпшілік жиналатын орындарда ұялы телефондарды пайдалану және азаматтардың жеке мүлкінің сақтығын қамтамасыз ету мақсатында буклеттер мен жадынамалар орналастырылған. Тұрғындарға металдан жасалған есіктер, үй терезесіне тор, бейнебақылау камералары мен күзет дабылдарын орнату қажет екендігі түсіндірілді.

  Профилактикалық шаралар нәтижесінде ұрлықтың өсуі 6%-ға, соған байланысты ай сайынғы тіркеу дерегінің саны 200-ге азайған. Көшедегі ұрлық 17%-ға, сауда-саттық орындарындағы сұғанақтық 12 %-ға кеміген. Облыста 500 мыңға жуық мал басын паспорттау аяқталды. Жайылымда бағым жұмыстарын тиімді ұйымдастыру қолға алынды. Өткен жылмен салыстырғанда мал ұрлығының көрсеткіші 13 %-ға төмендеді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале