
Ассессмент-орталық а.ж. 22-26 тамыз аралығында өтті. Аталған құзыреттерді бағалаудың блогы нақты жұмыс жағдайларына жақын құрылымдық тапсырмалар сериясы болып табылады. Бұл формат кандидаттардың құзыреттердің деңгейін, соның ішінде олардың аналитикалық ойлауын, коммуникативтік қасиеттерін, көшбасшылық қабілеттерін және топта жұмыс істеу қабілетін анықтауға мүмкіндік берді.
Ассессмент-орталығына 309 кандидат жіберілді. Бекітілген іріктеу рәсіміне сәйкес, «Құзыреттер бойынша сұхбат» екінші блогына ең жоғары нәтижелерге қол жеткізген 200 кандидат өтті:
Келесі кезеңге өткен тұлғалардың толық тізімі жобаның pkrezerv.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.
«Құзыреттерді бағалау» кезеңінің «Құзыреттер бойынша сұхбат» екінші блогы а.ж. 23-28 қыркүйек аралығында онлайн-режимде кәсіби HR-сарапшыларды тарта отырып, жеке тереңдетілген сұхбат форматында өткізіледі. Құзыреттер бойынша сұхбат кандидаттардың ішкі мотивациясын және олардың құндылықтық бағдарларын айқындайтын құзыреттерді анықтауға бағытталған.
Құзыреттерді бағалаудың екінші блогына өткен барлық кандидаттар 22 қыркүйек күні сағат 23:59-ға дейін (Астана қ. уақыты бойынша) өздерінің жеке кабинетінде сұхбаттан өту күнін және уақытын таңдауы қажет.