2024-2025 оқу жылында 1720 қазақстандық оқушы 35 халықаралық олимпиада мен ғылыми байқауға қатысып, 1006 медаль жеңіп алды. Оның ішінде, 193-і алтын, 349-ы күміс және 464-ы қола медаль. Яғни, әрбір екінші қатысушы жүлдегер атанды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев хабарлады.

«Салыстырмалы түрде айтсақ, 2024 жылы 571 оқушы небәрі 172 медаль иеленген болатын. Соның ішінде, Қазақстан оқушылары әлем бойынша ең беделді саналатын 7 олимпиадада 27 жүлде еншіледі. Дарынды балаларымыз 4 алтын, 13 күміс, 10 қола алып, еліміздің абыройын асқақтатты. Бұл да өткен жылғы нәтижелерге қарағанда жоғары көрсеткіш», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында