23.09.2025, 10:00
Оқылды: 163

Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық футбол федерациясының президенті (FIFA) Джанни Инфантиномен кездесу өткізді, - деп жазады akorda.kz.

1758593659_2

Мемлекет басшысы балалар футболын дамыту мен заманауи инфрақұрылым құруға бағытталған FIFA Arena бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны үшін Федерацияға ризашылық білдірді.Президент Қазақстанның FIFA-мен ынтымақтаса отырып, аймақта футболды қарқынды дамытқан елге айналатынына сенім білдірді.Джанни Инфантино Қасым-Жомарт Тоқаевқа футболға көңіл бөлгені үшін алғыс айтып, Федерацияның ұлттық футбол деңгейін көтеруге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале