24.09.2025, 17:30
Оқылды: 158

Шыңғырлау ауданында «Кітап тайм – 2025» фестивалі өтті

Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен кітап оқуды насихаттауға бағытталған мәдени шара өтті. Шараның басты мақсаты — аудан халқының кітап оқуға қызығушылықты ояту, оқырман мен авторларды, кітапханалар мен қоғамды біріктіру, әдеби кеңістікті кеңейту, рухани құндылықтарды дәріптеу болды.

image-24-09-25-02-29

Іс-шара барысында "Жаңа кітаптар оқырман игілігіне " атты жаңа кітаптармен көрме ұйымдастырылды.

image-24-09-25-02-29-8

Аудандық орталықтандырылған кітапхана директоры Гүлмира Бердигалиева өз сөзінде, "Бүгінгі шара барысында кітаптың адам өміріндегі орны туралы әңгіме қозғалып, қатысушыларға түрлі сұрақтар қойылды. Олар сүйікті кітаптары мен авторларын атап, өз әсерлерімен бөлісті. Аталған фестивальдер қоғамда мәдениетке деген назар аудартады, кітапхананың келешегіне, оқырманмен байланысқа серпін береді "- деп атап өтті.

image-24-09-25-02-29-7

Сонымен қатар «Жастар және кітап – жарқын келешек кепілі» атты әдеби аялдама мен «Кітап оқы – уақытпен бірге жүр» атты оқырман ой-толғауы ұйымдастырылды.

image-24-09-25-02-29-1

Шарада жас оқырмандарға арналған викторина мен қызықты сұрақ-жауап ойынына қатысушылар кітапқа деген ерекше қызығушылықтарын танытты.

 

Светлана Байтенова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале