24.09.2025, 16:30
Оқылды: 419

Еңбек адамдары мен жас мамандарға арналған «Еңбек жолы – 2025» байқауының үздіктері марапатталды

Батыс Қазақстан облысында Жұмысшы мамандықтар жылына орай  «Еңбек жолы – 2025» облыстық конкурсының марапаттау рәсімі ерекше салтанатпен өтті. Бұл шараның мақсаты – еңбек адамдарының қоғамдағы мәртебесін арттыру, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау, көпжылдық еңбек дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан еңбек әулеттерін ұлықтау болып табылады. Марапаттау рәсімі облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы Төреғалиевтің қатысуымен өтті.

WhatsApp Image 2025-09-24 at 17.02.10

Еңбек әулеттерінің арасында бәсекелестік жоғары болды. Биылғы жылы «Үздік еңбек әулеті» номинациясында бірінші орынды Таскалиевтер әулеті жеңіп алды. Бұл әулет жалпы еңбек өтілі – 222 жыл болып, жүргізушілер династиясын жалғастырып келе жатқан ұрпақтардың еңбегі айрықша бағаланды. Шапиковтар әулеті (Тасқала ауданы) екінші орынды иеленді, бұл әулет жалпы 196 жыл бойы ұстаздық жолды таңдаған, ал үшінші орынды Кажияхметовтер әулеті (Сырым ауданы) жеңіп алды. Журналистер әулетінің жалпы еңбек өтілі 106 жылды құрайды.

WhatsApp Image 2025-09-24 at 17.02.11
Жас мамандар арасында үздік тәлімгерлерді марапаттау да ерекше мәнге ие болды. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша Метекесов Қоблан Рысқалиұлы (Жәнібек ауданы) бірінші орынға ие болды. Ол 29 жыл бойы қызмет етіп, 30-ға жуық жас маманға тәлімгерлік жасады. Екінші орынды Муханов Серикбол Алпысбайұлы (Сырым ауданы) иеленсе, үшінші орын Абдрахманов Бүркіт Махсотұлы (Қаратөбе ауданы) тақты.

WhatsApp Image 2025-09-24 at 17.02.11 (1)

Өндірістің үздік жас мамандары номинациясында Игимова Нейля Амирбекқызы (Теректі ауданы) бірінші орынға шықты. Оның еңбек өтілі 3,5 жыл ғана болғанымен, мамандығы бойынша ерекше қабілеттілігі мен адал қызметі жоғары бағаланды. Екінші орынды Еслай Манарбек Ерланұлы (Ақжайық ауданы), үшінші орынды Мырзабеков Нұрлыбек Мырзабекұлы (Жаңақала ауданы) иеленді.

WhatsApp Image 2025-09-24 at 17.02.12

Сондай-ақ, марапаттау рәсімінде байқауға қатысқан бірқатар еңбек әулеттері мен жас мамандар, үздік тәлімгерлер, құрметке ие болды.

WhatsApp Image 2025-09-24 at 17.02.11 (2)

Марапаттау рәсімі әсем әндермен, би өнерімен, және ұлттық дәстүрлерді насихаттайтын көріністермен көркемделіп, шараның мәнін одан әрі арттыра түсті. «Еңбек – әлемнің әміршісі» деген ұғымды терең ұғындырып, шара барысында еңбегімен танылған адамдардың қоғамдағы орнын айшықтады.

 

Мейрамгүл Сәрсенғалиқызы,

zhaikpress.kz

Фотолар автордікі 

WhatsApp Image 2025-09-24 at 17.01.56 (1) WhatsApp Image 2025-09-24 at 17.01.57 WhatsApp Image 2025-09-24 at 17.01.57 (1) WhatsApp Image 2025-09-24 at 17.01.56

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале