25.09.2025, 0:00
Оқылды: 159

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің айнасы

Бүгін Орал қаласындағы Достық үйінде «Мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдегі рөлі» атты мазмұнды дөңгелек үстел өтті.

image-24-09-25-10-57-4

Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Тілдерді оқыту мен дамыту оқу-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен өткен жиынға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері мен тіл жанашырлары қатысты.

image-24-09-25-10-57-5

Шарада «Тілдік орта мен оның жаңашыл талаптары», «Аты бардың заты бар», «Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру - біздің ортақ парызымыз» секілді тақырыптарда баяндамашылар баяндама жасап, біздің қоғамдағы дертке айналған тілдік нормалардың бұзылуы сияқты көптеген тақырыптарда әңгіме өрбітіп, пікірлерін ортаға салып, орталықтың жұмысын жандандыру бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды.

image-24-09-25-10-57-6

Шараның модераторы әрі Тілдерді оқыту мен дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры Дәурен Шамұратов аталған ұсыныстар бойынша әріптестермен қатар өңірдегі тіл жанашырларының да қолдауы ауадай қажет екенін баса айтты.

image-24-09-25-10-57

Айжан Бауыржанқызы,
ҚР Журналистер одағының мүшесі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале