25.09.2025, 15:30
Оқылды: 127

Бәйтеректіктер 103 жасқа толған ақсақалды құттықтады

Бәйтерек ауданы, Мичурин ауылдық округінің Асан ауылында тұратын Сирахетдин Байғалиев 103 жасқа толды. Соған орай аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев арнайы барып, тыл ардагерін туған күнімен құттықтады.

IMG-20250925-WA0003

​Аудан әкімінің, жалпы аудан тұрғындары атынан құттықтауды жеткізген Ерлан Ерсайынұлы Сирахетдин атамыз нағыз ғасыр адамы екенін атап өтіп, оған зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ өмір, отбасылық бақыт және перзенттерінің қызығын көруге тілектестігін білдірді. Ғасырдан аса ғұмыр кешсе де әлі де тың ақсақал аудан басшылығына, бәйтеректіктерге өзінің ризашылығын білдіріп, батасын берді.

IMG-20250925-WA0004

Айта кетейік, ақсақал 1922 жылы Сырым ауданында дүниеге келген. Әкесі дін оқуын меңгерген жан болуы себепті 20-шы жылдарың соңында қуғынға ұшырап, ұсталады.

photo-output

Бала Сирахетдин ағайын-туыстарымен Ресейге қарай көшіп, Башқұртстанда тұрақтайды. 1937 жылдары Орынбор облысына қоныс аударады. Соғыс кезінде сол жақта тылда еңбек етеді. 1947 жылы отау көтеріп, 9 баласы (3-уі сәби кезінде шетінеген) болады. 1958 жылы туған жері, қазіргі Сырым ауданының Тасқұдық ауылына көшіп келеді. 1984 жылға, яғни зейнеткерлікке шыққанша кеңшарда көлік жүргізушісі, механик болып еңбек етеді. 2000 жылдарға таман Асан ауылына қоныс аударған. 2012 жылы зайыбы дүниеден өтеді. Бүгінде ақсақал кенже баласы Құбайдолла мен келіні Ақұштаптың қолында. Жалпы 6 баладан 9 немере, 9 жиен, 14 шөбере, 3 шөпшек сүйіп отыр.

Серік Маратұлы,
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале