25.09.2025, 19:00
Оқылды: 133

Жаңақалада «Жас құтқарушы» арнайы сыныбы ашылды

Бүгін Д.Нұрпейісова атындағы орта білім беретін мектебінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен білім беру бөлімінің қолдауымен «Жас құтқарушы» арнайы сыныбының ашылу салтанаты өтті.

image-25-09-25-12-46-6

Жиынға аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы м.у.а, азаматтық қорғау капитаны Еркебұлан Амангелдіұлы, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Жадыра Бақытжанқызы, аудандық білім беру бөлімінің әдістеме кабинетінің әдіскері Әсел Жағыпарова, Көпжасар ауылдық округінің әкімі Нұрбол Серікұлы және оқушылар мен ұстаздар қатынасты. Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Гүлбар Тұрланқызына ұсынылып, бүгінгі іс-шараның мақсаты мен алдағы уақытта оқушылардан күтілетін міндеттерін айта кетті. Әрі қарай, болашақтың сенімді сақшылары саптық қимылмен ортаға шақырылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілгеннен кейін, Гимн орындалды. Содан соң, жас жауынгерлер кезекпен ант қабылдау рәсіміне қатысып, өз Отанына адал қызмет етуге серт берді. Еркебұлан Нұғманов болашаққа жауапкершілікпен қадам басқан «Жас құтқарушыларға» өз мәртебелерін растайтын ресми куәліктерін табыстады. Оқушылар ән шырқап, би билегеннен кейін, нағыз жылжымалы көмек көрсету бекеті (өрт сөндіру көлігі) назарға ұсынылды. Әрі қарай, қатысушылар білім ордасының ішіне еніп, жабдықталған жаңа сыныппен танысты.

image-25-09-25-12-45-1

Өрт сөндіруші-құтқарушы а\қ кіші сержанты Алмабек Рихардұлы ғимараттағы құрал-жабдықтар туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Жиын соңында барлығы естелік суретке түсті. Айта кетейік, бұл арнаулы сынып аудан бойынша 1 рет қолға алынып тұр. «Жас құтқарушылар» арнайы сыныбына алынған 8 сынып оқушылары алдағы уақытта үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете отырып, кез-келген жағдайда көмек көрсету дайын екендеріне уәде берді.

Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале