26.09.2025, 14:30
Оқылды: 351

Жұбан тойы аясында тарихи-танымдық конференция өтті

Қазақ әдебиетінің алып тұлғасы, Халық жазушысы, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Жұбан Молдағалиевтің 105 жылдығына арналған «Тарих. Тағдыр. Тұлға: Жұбан Молдағалиев мұрасы» республикалық-аймақтық ғылыми-танымдық конференция өтті.

a7061cdb-2149-49c1-8006-69462395e00b
Шараға Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ақұштап Бақтыгереева, жазушы, композитор Ілия Жақанов, Жұбан ақынның ұрпақтары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Конференцияның ашылуында Нұрділдә Серікұлы құттықтау сөз сөйлеп, ақын мұрасының елдік мән-маңызына тоқталды.
Зерделі шараны педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Абат Қыдыршаев жүргізді.

19909890-abf7-4b9c-a0cc-1328e7be7abb

Алдымен Ақұштап Бақтыгереева ақын шығармашылығына шолу жасап шықты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ілия Жақанов «Жұбан әлемі – саз бен сөздің үндестігі», ақын, ұстаз, жұбантанушы Үзілдік Елеубаева «Жұбан шығармаларындағы заман шындығы, өлкеміздегі ақын шығармашылығының дәріптелуі», «Үшқоңыр» газетінің бас редакторы Болат Батырұлы «Жұбан Молдағалиев – заманының руханияты», М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Гүлшара Бисенова «Жұбан Молдағалиевтің лирикалық поэмаларындағы образдар жүйесі және лирикалық «мен»», тақырыптарында мазмұнды баяндамаларын ұсынды. Атап айта кетейік, конференцияда оқылған баяндамалар арнайы жинаққа топтастырылып, баспадан жарық көрмек.

892bef42-cde7-4fd6-8dda-0bba03a69c1a
Жиын соңында аудан әкімі Мұрат Сердалин Ілия Жақанов, Ақұштап Бақтыгереева, Болат Батырұлы, Абат Қыдыршаев, Гүлшара Бисенова, Бақтығали Қоспаев және шараның өтуіне демеушілік көрсеткен жандарға алғыс хат табыстады.

7559

Сонымен қатар аудан басшысы осы тойға арнайы келген Жұбан Молдағалиевтің келіні Айгүл Идиянқызы, немересі Дина Азаматқызы мен оның зайыбы Мұрат Болатұлына аудан атынан естелік сыйлықтар ұсынды.

Нұрбек Ихсан,
Ақжайық ауданы

8a3762e6-9cb4-40a1-a986-da3cfc0f5be9 ab716eb5-1335-443f-b522-6ce6a16504aa 18aeb1df-c361-4e23-88e6-7521be1ffdad WhatsApp Image 2025-09-26 at 15.02.06

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале