26.09.2025, 23:00
Оқылды: 117

Сырымда еңбек озаттарына құрмет көрсетілді

Бүгін «Еңбек күні» мерекесіне және «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай Сырым ауданы әкімі Жұмагелді Батырниязов адал еңбек иелерін, тарихты маңдай термен жазатын қаһармандарды қабылдап, құрмет көрсетті.

555723872_1420682366723969_7076603880129154516_n

Аудан басшысы еңбек озаттарын құттықтап, оларға алғысхаттар табыстады. Марапат иелерінің қатарында «Диана» дәмханасының иесі Мақпал Теміралиева (еңбек өтілі 49 жыл), Сырым колледжі директорының орынбасары Жалғас Жоламанов (еңбек өтілі 40 жылдан астам), аудандық электр торабының жұмысшысы Болат Райымов (еңбек өтілі 39 жыл), «Сырым» МКК жүргізушісі Тілек Аманбаев (еңбек өтілі 39 жыл), ДЭУ-39 жол жұмысшысы Ғалиасқар Ерғожиев (еңбек өтілі 36 жыл), «Қазақгазаймақ» АҚ Сырым газ шаруашылығы мекемесінің шебері Омар Тулеушов (еңбек өтілі 34 жыл) бар.

Жас мамандарға да құрмет көрсетіліп, аудандық демалыс орталығының жүргізушісі Ақтілек Джубаниязов (еңбек өтілі 20 жыл), электромонтер Руслан Кишимов (еңбек өтілі 15 жыл), «Сырым» МКК жұмысшысы Абылай Шүкір (еңбек өтілі 5 жыл), «Сайнов А» ШҚ малшысы Ерлан Кенжеғалиев (еңбек өтілі 5 жыл), Абай орта мектебінің сантехнигі Есболат Кушаев (еңбек өтілі 2 жыл), электромонтер Өмірбек Дандыбаев (еңбек өтілі 4 жыл) алғысхатқа ие болды.

555505333_1420682166723989_8006991235699053902_n
Шара барысында Сырым аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев бастап, еңбек ардагерлері жас буынға ақыл-кеңестерін айтып, тәжірибесімен бөлісті.
Кездесуде дәстүрлі әнші Армат Алдамжаров Ғ.Құрманғалиевтің «Еңбек» термесін орындады.

Шынар Молданиязова
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале