27.09.2025, 17:00
Оқылды: 123

Жәнібекте облыстық ақындар айтысы басталды

Жәнібек аудандық мәдениет үйінде Ғ.Қараштың 150 жылдығына орай облыстық ақындар айтысы басталды.

image-27-09-25-04-20

Айтыс тізгінін ұстаған жерлесіміз, облыстық Қадыр орталығының директоры Дәулеткерей Құсайынов сөз сайысын тамашалауға келген ағайынға алғысын білдіріп, бәйгеге шапқалы отырған жүйріктерге сәттілік тіледі.

image-27-09-25-04-20-6
Дүбірлі додаға талай бәйгеде топ жарып, жұртшылықтың ризашылығына бөленіп жүрген Айнабек Бисенғалиев (Ақжайық), Мұрадым Мирланов (Жәнібек), Элдар Ықсанов (Теректі), Талғат Мықи (Бөкей ордасы), Бауыржан Ширмединұлы (Сырым), Жарқынбек Шынтаев (Бөрлі), Орынбек Меңдіқұлов (Жаңақала), Жоламан Сисенғалиев (Бөкей ордасы), Данияр Нысанғалиев (Жаңақала), Райымбек Өтепов (Қаратөбе) қатысуда.

image-27-09-25-04-20-1
Доданы ашқан аудан әкімі Тимур Шиниязов пен облыстық мәдениет және архив ісі басқармасының басшысы Қуанышбек Мұханғалиев сөз алып, сәттілік тіледі.

image-27-09-25-04-20-4
Қуанышбек Жанболатұлы өзімен бірге облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаевтың құттықтаухатын әкеліп, оқып, аудан басшысына табыстады.

Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале